САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ, ШЕШІМДЕР
Алымбаева Толғанай Дәуренбековна
Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы білім бөлімі бойынша мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М. Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деген екен. Осы орайда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылында орналасқан «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері бүгінгідей өзерістер мен жаңалықтарға толы заманда кәсіби біліктіліктерін ынтымақтастықпен тәжірибе алмасу арқылы дамытып, білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сабақтарды бірлесе жоспарлап, өзара сабақтарға қатысып, оқу мен оқытуды жақсарту үшін талдау мен талқылаулар жүргізу арқылы сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісін тиімді қолданып келеміз. Мектеп басымдылығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу, ақпарат жинау нәтижесін қорытындылай келе, мектеп әкімшілігі және мектептің жетекші мұғалімдері және тренерлермен бірлесе отырып мектепте бірнеше басымдылықтардың бар екендігін анықтадық. Зерттеуші топ мүшелері ақылдаса отырып, мектеп тәжірибесіне енгізілген жаңа әдіс-тәсілдер негізінде жүргізіліп жатқан топтық жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын, оның талапқа сай қолданылуын жетілдіруді негізгі нысана етіп алдық. Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Топашова Туран Нұқтырбековнаның бастамасымен жүргізіліп жатқан сабақты зерттеу (Lesson Study) тобының жұмысы мектеп мұғалімдерінің де білім алушылардың да зерттеушілік негізде дамуы аясындағы үлкен жұмыс атқарылып келеміз.
Сабақты зерттеу (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылады. Бірнеше жылдар бойы сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісінің мазмұны бойынша зерттеулер мен тәжірибе жүргізу қазіргі таңда өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, педагогикалық шеберлік орталықтары сапалы оқу құралдарын шығарып, білікті тренерлер заман талабына сай ізденімпаз әрі шығармашыл мұғалімдердің кәсіби өсуі үшін курстар мен вебинар, семинарлар өткізіп, құнды мәліметтермен бөлісуі педагогтердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, тәжірибесінің жақсаруына үлес қосуда. Сабақты зерттеу мұғалімді бағамдау емес, оқушының ойлауы мен оқуын зерттеуге бағыттап, жетістіктер мен кемшіліктерін саралау. Осыған дейін басқа ұстаздардың сабақтарына қатысушылар негізінен тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады. Сондықтан сабақты зерттеудің өзектілігі, бұл:
-
Бірлескен жұмыс үнемі жүріп отыруында, нәтижесінде бірлескен оқу үдерісі қарқын алуында;
-
Зерттеу тобындағы мұғалімдер өз білімдерін жетілдіруде;
-
Ынтымақтастық атмосфера арта түседуде;
-
Әр атқарылған зерттеу жұмысын талдау, пікір алмасу, бір нәрсе түсініксіз болған жағдайда зерттеушіге проблеманы табуға рефлексиялау үдерісі көмектесе алып, ілгері жұмыс жасауға ықпал етуде;
-
Өзінің жеке кәсіби қызметін ғылыми және әдістемелік әдебиет тұрғысынан жағдайға жаңа көзқарас туындауында;
-
Өзін-өзі реттеуге мүмкіндік тууында;
-
Сыныптың ішкі проблемасын байқауға, оның себеп-салдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді;
Сондай-ақ, бірлесіп жоспарлау арқылы күтілетін нәтижеге қол жеткіздім. Оқушыны шыңдайтын SMART мақсатпен жұмыс жүргіздім.
Мектебімізде сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарымен қарқынды жұмыс атқардық. Сабақты зерттеу (Lesson Study) тобының жұмысын мынадай қадам-қадамдармен жүргіздім.
І Сабаққа дейін.
1) Сабақты зерттеу (Lesson Study) тобын құрдым. (Әр топ мүшесіне «Сабақты зерттеу» әдісінің қадамдарына сәйкес бақылау парағын толтыру, АВС оқушыларын белгілеу, сабақты талдау бойынша хаттама жүргізу жұмыстары бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай бөлінді. Осы орайда жетекшінің атқарар ролі үлкен. Ол мұғалімдерге тек бағдар беріп қана қоймай, сонымен қатар әдістемелк көмек ұсыну, дұрыс әдіс-тәсілді біріге отырып таңдау сыңды жұмыстар атқарады.)
2) Сабақты зерттеудің (Lesson Study) мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындалды. (Жыл басында сынып оқушыларымен сауалнама жүргізу арқылы «Оқушы үнін» есепке ала отырып, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап, жоспары құрып алдық)
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын аша отырып, мүмкін шешімдерін топпен талқыладық.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау. (Cабақтар құру барысында фокус тобы біріге отырып сыныптың ерекшеліктері мен таңдалған тақырып бойынша сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерді таңдайды, бұл кезде сабақтың сәтті немесе сәтсіз өтуіне фокус тобы жауапты болады)
ІІ Сабақ кезінде.
Сабақты зерттеу (Lesson Study) сабағы.
5) оқушыларды бақылау. (Топ мүшелерінің АВС деңгейіндегі оқушыларын бақылаушылар бақылау жұмыстарын жүргізді.)
ІІІ Сабақтан кейін.
6) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
7) Сабақты талқылау.
8) Әр циклдан кейін белгіленген мерзім соңында әр сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының өз портфолиоларымен барша жұртты таныстырып, жұмыстарын қорытындылауы. (Портфолиоға қойылатын талаптар алдын-ала елдің назарына ұсынылып, талданып-талқыланды. Дәлелдемелер: Жылдық жоспар, сабақ жоспарлары (әсіресе әр сабақтың алғашқы жоспары мен оның өзгертілген, жақсартылған нұсқаларының болғаны дұрыс: бұл оларды салыстыру мүмкіндігін береді), бақылау мен интервью парақтары, сабақты талқылаудың хаттамасы, оқушылардың сабақтағы жазбаша жұмыс үлгілері, фотосуреттер, видеожазбалар, теориялық материалдар мен ресурстар, коучингтердің жоспарлары, оқушылардың сабаққа берген кері байланысы мен сабақ туралы рефлексиясы, қатысушылардың жазбаша пікірлері, т.б.)
9) Жылдық қорытынды. (Әртүрлі форматта топтар өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті).
Осы негізде жүргізілген жүйелі жұмыс ұжымымызда өз нәтижесін беріп келеді. Мектептің білім сапасының арта түсуіне біраз ықпалы байқалды.
Қорытындылай келе, сабақты зерттеу (Lesson Study) аналитикалық дағдыларды жетілдіруге, мақсаттарды қалыптастыруға үйренуге және жеке оқытуды бақылауға көмектесетінін байқадым. Өзін-өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде сабақты зерттеу (Lesson Study) топтары ұстаздарға бірлесе жоспарлау, тәжірибеде туындаған проблемаларды коучинг пен тәлімгерлік арқылы шешу, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылау секілді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын үздіксіз дамыту мүмкіндігін ұсынды.
Әдебиеттер тізімі:
1. П.Дадли. Lesson Study: нұсқаулық, 2019 ж.
2. «Lesson Study» оқу тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде. Әдістемелік оқу құралы – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018 ж.;
3. Тошия Чичибу. «Мектептерде Lesson Study-ді қалай жүргізу керек?»
4. Lesson Study арқылы тәжірибені жетілдіру және ілгерілеуге қол жеткізу: аға оқытушыларға, көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған нұсқаулық. London: DCSF.
5. А.А.Бизяева. «Ойлампаз мұғалімнің психологиясы: педагогикалық рефлексия» Псков: С.М.Киров атындағы ПМПИ 2013 ж:.
6. Бейсенбекова Г.С. «Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеу мұғалімнің кәсіби даму мақсаттарына қалай әсер етеді?» зерттеуі бойынша эссе.
Аңдатпа
Сабақты зерттеу (Lesson Study) аналитикалық дағдыларды жетілдіруге, мақсаттарды қалыптастыруға үйренуге және жеке оқытуды бақылауға көмектесетінін көрсеттіні қаралды.
Аннотация .
Было рассмотрено мнение, что изучение урока (Lesson Study) поможет усовершенствовать аналитические навыки, научиться формировать цели и контролировать индивидуальное обучение.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз