Материалдар / Тамыз баяндамасы: 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында шағын жинақты мектепті басқаруы.

Тамыз баяндамасы: 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында шағын жинақты мектепті басқаруы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық шағын жинақы мектептерде білім беру (бұдан әрі – Тұжырымдама – шағын жинақы мектептің білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады. Бұл айтылғандар болашақ мұғалімдердің ұжым жағдайында жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс екендігін көрсетеді. Бұл тиімді әдістерді таңдау бейімдеу және құрастыру; әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқару; бір пәндік және бір тақырыптық сабақтарды жүргізу барысында сынып-комплект оқушыларының әрекетін басқару; білім алушылардың жеке білімдік траекториясын дамытуды жобалау; білім алушылардың жеке жетістіктерін мониторингтілеу үшін бақылау-бағалау процедурасының пакетін жасау; жергілікті жердегі әлеуметтік-мәдени, экономикалық үдерістерге қатыстыру қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2022
143
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Баяндама тақырыбы: 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУЫ









Орындағандар:Таласбаева Г.Н















Ақтөбе қаласы, 2022 жыл
















Кіріспе



Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық шағын жинақы мектептерде білім беру (бұдан әрі – Тұжырымдама – шағын жинақы мектептің білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл айтылғандар болашақ мұғалімдердің ұжым жағдайында жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс екендігін көрсетеді. Бұл тиімді әдістерді таңдау бейімдеу және құрастыру; әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқару; бір пәндік және бір тақырыптық сабақтарды жүргізу барысында сынып-комплект оқушыларының әрекетін басқару; білім алушылардың жеке білімдік траекториясын дамытуды жобалау; білім алушылардың жеке жетістіктерін мониторингтілеу үшін бақылау-бағалау процедурасының пакетін жасау; жергілікті жердегі әлеуметтік-мәдени, экономикалық үдерістерге қатыстыру қажет.

Тәжірибе болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру технологиялары, олардың негізгі белгілері туралы теориялық білімдерінің бар екендігін көрсетеді, мұның өзі әр технологияның өзіндік ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Алайда оларды ШЖМ жағдайында қолдануға бейімдеу қиындық келтіретіні сөзсіз. Демек, педагогика ғылымында және тәжірибеде белгілі технологиялардың ішінен белгілі бір жағдайға қатысты ең тиімді түрін таңдау мәселесі бірінші кезекке шығады. Әр түрлі топта – сынып-комплектіде оқыту барысында пәнішілік және пәнаралық интеграцияны іске асыруға мүмкіндік беретін, оқушылардың өз беттерінше дамуын, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыратын, тұлға ретінде қалыптасуын және дамуын іске асыратын технология негізгі болып табылады.

Шағын жинақталған мектеп қызметін жетілдіру жолдары

Шағын жинақты мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарының ұйытқысы, олардың әлеуметтік – мәдени дамуының өзегі. Елбасы «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүр салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек ғана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне сергек қарауымызды талап етеді»,-деген болатын.

Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде  мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақты ұйымдастыру кез-келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі

шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады.

Шағын мектептерде негізінен оқитын түпкілікті ұлт өкілдері екенін ескерсек, еліміздің дамуына қажетті ұлт интелегенциясының дүние жүзілік білім деңгейіне қажетті білімге қол жеткізуі үлкен мәселе күйінде қала береді. Яғни бұл сұрақ мемлекет және қоғам болып бірге қолға алатын стратегиялық мәселе болып табылады.

Қазіргі уақытта ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына біршама көңіл бөлінуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жас мамандар ауылға жұмыс істеуге бет бұруда. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үкімет тарапынан материалды қаражаттар бөлінуде. Республика деңгейінде шағын мектептерге бағытталған заңнамалық құжаттар қабылданған.



Шағын мектептердегі оқушылар санының аздығына байланысты келесідей мүмкіндіктер туады:

  • Әр түрлі жастағы оқушылар арасында тең қарым – қатынастар орнату;

  • Тілді дамытуға;

  • Бір оқушының табысты оқуына;

  • Оқытудың жалпы әдістері мен жеке оқыту әдісерін байланыстыруға.

Сонымен қатар педагогикалық оқу орындарында шағын мектептер үшін педагогикалық мамандар даярлауға көңіл бөлініп, тиімді жолдары іздестірілуде.

Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыруға қаржылар бөлу артуда.

Кейбір жоғары оқу орындарында Оn Line режім негізінде оқу орнының профессор – оқытушылар құрамымен шағын мектептер мұғалімдерінің арасында байланыстар орнатылып, оларға тәжірибелер алмасу мақсатында кеңестер беріліп, оқушыларға шебер кластар өткізіледі.

Сонымен шағын мектептердің мәселесін шешу жолдарын келесідей санаттарға жіктеуге болады:

  • Интернат мектептер;

  • Ресурсты орталықтар;

  • Трек мектептер;

  • Даму орталықтары;

  • Шағын мектептерге арналған классификатор жасау.

Осы айтылғандардың ішінде қазіргі таңда ең тиімді және мүмкіндігі жақсы интернат – мектептер құру. Қаладағы мектептердің материалды – техникалық базасын нығайта отырып, оның жанынан оқушылар жататын интернаттар ашып, олардың қалыпты оқуына барлық мүмкіндіктер жасалуы қажет. Осындай жағдайлар орныққан жағдайда оқушылар заманауи білім алуға жеткізеді. Ата заңымызда орта білім азаматтарға тегін берілетінін ескерсек оларды әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мемлекет есебінен іске асылуы тиіс.

Интернат – мектептер де шағын мектептер де мәселесін шешпейді. Себебі, ауылда ата – аналарымен бірге бастауыш мектеп оқушылары қалады. Осы оқушыларды белгілі бір семья негізінде біріктіре оқыту мәселесін шешу қажет.

Шағын мектептер мәселесі ауылды жерлер қаладағыдай даму жағдайында болғанда жойылуы мүмкін. Ол үшін ауылда қала сияқты дамып, олардың айырмашылығы байқалмайтындай деңгейде болу керек.   

Шағын кешенді мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын мекеме.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ