«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесіндегі тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтауы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»




Құлмағанбет Әсем Қайнолдақызы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік

кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие бөлімінің

сектор меңгерушісі

Білім беру жүйесіндегі тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайтын (Қазақстан Республикасының БжҒМ, 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген), Тәрбие тұжырымдамалық негіздері мақсатында: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуді мақсат еткен.

Оның ішінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тұтас педагогикалық процесстің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы жүруін міндеттейді. Ұлттық құндылықтар арқылы жүргізілетін тәрбие жұмысының бағыттары:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие;

3. Ұлттық тәрбие;

4. Отбасы тәрбиесі;

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбие тұжырымдамасында көрсетілгендей, аталған тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Олай болатын болса «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының құраушысы ретінде ұсынылған жалпы ұлттық құндылықтарды тәрбие жұмысымен орайластырып жүзеге асыруға әбден болады деп айта аламын.

Жалпы тәрбие жұмысы – үздіксіз процесс, ол білім беру процесінің барлық компоненттерімен іске асырылады, оларға: сабақтар, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие шаралары, сынып ұжымындағы іс-әрекет, қосымша білім беру жатқызуға болады. Сол себепті жаңартылған білім беру мазмұны тәрбие мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруға қолдау білдіреді.

Ұлттық құндылықтарды ескеріп сабақтарды жоспарлау оқу пәндерінің тәрбиелік әлеуетін белсенді іске асыруға ықпал етеді. Қосымша мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттері де (сыртқы келбеті, мінез-құлық мәдениеті, сөзі, сенімділігі, сезімділігі), мұғалім мен оқушылар қарым-қатынасының стилі (ақкөңілдік, әділдік, сыпайылық, сабақта іскерлік ахуалын туғызу, оқушының жеке жетістігін қолдау) оқушыны тәрбиелей алады. Сондықтан сабақтың әр кезеңі белгілі бір тәрбиелік мүмкіндіктерге ие болатындай жоспарлануы т иіс.

Тәрбиелей оқыту принципі оқыту мен тәрбие бірлігінің заңдылықтарына негізделеді (Л.С. Выготский). Оқыту процесіндегі тәрбие білім алушыларды интеллектуалды, және ең бастысы қызығушылықтарын ескере отырып креативтік, жеке танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты. Оқу материалын меңгеру тек таным аясын дамытып қана қоймайды, сол сияқты ұйымшылдық, дербестік, шыдамдылық, іскерлік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік сияқты тұлғалық қасиеттері мен сапаларын қалыптастырады. Осы мақсатта Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудегі әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 27 наурызында «Оқушыларды тәрбиелеудің дәстүрлі әдістерден - интеграциялық әдістерге көшу» тәрбие жұмысы жүйесінің облыстық байқауының іштей кезеңін ұйымдастырды.

Байқаудың міндеттері «Мәңгілік Ел» Жалпы ұлттық Патриоттық акті тәрбиесі тұжырымдамалық негіздері ережесі контексінде тәрбие жұмысының мазмұнын жаңартуда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының саналы көзқарас дәрежесін бағалау болатын.

Байқаудың әділқазы алқасы «Мәңгілік Ел» Жалпы ұлттық Патриоттық актісі мен Қазақстан Республикасында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері ережесін шығармашылықпен өңдеген, «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №21 гимназиясы» КММ Баканова Ирина Николаевна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,«Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын орта мектебі" КММ Шонгалова Жанар Серікбайқызы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы әдістер туралы атап өтті. Аксиологиялық жүйесі және іс-әрекеттің тәсілдері ережесі тәрбие жұмысының жүйе құраушы факторы туралы «Қамысты ауданы әкімдігі білім бөлімінің Қамысты орта мектебі "ММ Тәжібаева Рахила Богдановна директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының жұмысы болып табылды. Коммуникативтік мәдениет кәсіби құзыреттіліктің ажырамас компоненті ретінде туралы «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі Шевченко негізгі мектебі» КММ Меньк Елена Александровна директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары көрсетті.

Мәңгілік Елдің тұғырын берік ұстайтын болашақ тұлғаларға елжанды болуға, әлемге зор сүйіспеншілікпен қарайтын, ұлтты, ұлысты дініне, діліне бөлмей, өмірден, ортасынан, адамдардан тек қана махаббат табуға үйретуде.

Тәрбие мен тәсілді шебер қолдана білген жағдайда ғана ол өз жемісін таза бере алатындығын бүгінгі қоғам өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан еліміздің ертеңі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде, өмірде баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беруіміз өте қажет. Бүгінгі жас ұрпақты қоршаған өмірдегі құндылықтарды, әдемілік пен сұлулықты қабылдау, бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлтжанды патриот болуға тәрбиелеу, гүлденген келешекке сеніммен қарау үшін армандардың ақиқатқа айналып жатқандығын шын ниетпен түсіндіре отырып тәрбиелеуіміз керек. Олай болса біздің болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін бір ғана мақсатымыз болуы керек.







Выходные данные: Учительская плюс газета 28 апреля 2017 года №17 (260) 9 стр

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі