Заманауи жантанушы жас
ұрпақтың
қорғаушысы.
Құлмағанбет Ә.Қ. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік
кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу бөлімінің
сектор меңгерушісі
Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелер құдыретті күштің бірі – білім. Ұлттың болашағы-ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі - ұстаз қолында. Бүгінде мен үшін осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол - ұстаздық. Жантанушы болу – айтуға ғана оңай болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызды екінін сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. Мектеп жантанушысы үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті, зейіні, түйсігі, ойлау қабілеті, сөйлеу мәнері секілді ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Оқушыларды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлықпен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін - жантанушы.
ХХІ ғасыр жантанушылар ғасыры. Неге десеңіз, адамды – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы. Ал, сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін, әрине жантанушылар. Ең бастысы – сүйе алатын, түсіне алатын және кешіре алатын маман болу қажет. Жантанушы - баланың өз-өзіне сенімін күшейтіп, алға ұмтылдыратын жаттықтырушы. Осындай үздік жантанушыларымыз «Үздік жыл жантанушы-2016» облыстық байқауына қатысты. Бірінші орынды жеңіп алған - Қостанай қаласы әкімдігі білім беру №15 орта мектебінің жантанушы Дүйсенов Манаттың эссе жұмысына тоқталып кететін болсам ...«Иә, жантанушы болу оңай емес. Ол үшін таусылмайтын күш, балаға деген сенім, өз күшіне деген сенімділік, шыдамдылық қажет. Сонымен қатар жантанушының бойында рухани мәдениеттің біршама қасиеттері болу керек: мейірімділік, жан ашырлық, адалдық, ұқыптылық және махаббат. Міне сонда ғана, әрбір күннің қиындығын баламен бірге жеңе отыра нағыз жантанушы бола аласың –деген сөздерімен қорытындыласа, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназияның жантанушысы Ермағанбетова Бақыткулдың эссе жұмысы жолдарында былай түйіндеген ...«Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және де мықты психолог болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін» десе, – Федоров ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Костряковская орта мектебінің жантанушысы Миллер Татьяна Борисовна ...«Мен оқушылардың, балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болса да шығып, өздерін жаңа қырдан танып, өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып, өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа, артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына, жастық шақтарын босқа өткізбей, өмірден дұрыс жол таңдап, тек қана алға ұмтылуларына көмектесемін» –дейді. Ал, –Аркалық қаласы әкімдігі білім беру бөлімі Фурманов орта мектебінің жантанушысы Абилдина Асем Жаналыкқызы, ...«Жантанушысы-адамның сырласы, адам жанының елшісі. Білімнің нәрлі бағында талап пен нұр ұялаған шәкірт жүрегіне жол таба білу-әрбір ұстаз-психологтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі қағидасы»- деп өз эссе жұмысын көркемдеп жазған.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла деп ақын Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға - жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсымы деп білемін.
Соңғы кездерде жантанушы мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Мұның себептері көп, көмекке жүгінген әр адамның- біреуі жалғыз және оның қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкімі жоқ, енді біреуі шынындада көмекке зәру. Қалай болғанда да жантанушы көмегіне адам жүгінді, яғни себебі бар. Жантанушының жұмысы осы себепті табу, онымен тіл табыса отырып жұмыс жасап, мәселені шешу тәсілдерін қарастыру.
Жантанушы маман аса сезімтал, ерекше жанашыр, мықты, шыдамды болу арқылы шәкіртінің сырына бойлай алады.
Сөзімді қорыта келе заманауи жантанушы жас ұрпақтың қорғаушысы деп Дүйсенов Манат, Ермағанбетова Бақыткүлдерді мақтан етіп айта аламын. Өйткені олар облыстық деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде өткен «Үздік жыл жантанушы» байқауында І орынды жеңіп алды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Заманауи жантанушы жас ұрпақтың қорғаушысы.

шағым қалдыра аласыз