
Тилейхан Катила
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 28 материал
2022-2023 оқу жылына арналған жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Қауіпсіздік мектебі» жұмыс жоспары
Мақсаты: Жол, көше, тратуар, көшедегі көлік пен жаяу жүргіншілер жайлы білімдерін тереңдету. Жол жүру ережесі, бағдаршамның жұмысы, көшедегі қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы білімдерін бекіту. Жол-көлік апатының алдын алу.
№ Жұмыс формалары Мазмұны Мерзімдері Жауаптылар
1 Ойын түріндегі танымдық сабақтар:
- Қарым-қатынас жағдайы «Біздің досымыз бағдаршам» (кіші топтар)
- «Назар аударыңыз-жол» (ортаңғы топтар)
- «Көше қозғалысының ережелерін біл және орында» (ересек топтар),
- «Жол белгілері неге қажет?» (мектепалды дайындық топтары) Тәрбиеленушілердің жол жүру ережелерін сақтау қабілетін қалыптастыру тәсілі қыркүйек Тәрбиешілер
2 Ойын түріндегі танымдық сабақтар:
«Машиналарға арналған көпір, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар», «Машиналар қандай?» (кіші топтар)
«Жүк көлігі» (ортаңғы топтар)
«Қала көшесі» (ересек топтар)
Ойын қызметін ұйымдастыру:
«Көше», «Екі жақты қо
Балабақша
Барлық материалдар
Мектепке дейінгі балалар
«Күз береке» жәрмеңкесі
Мақсаты: Топтардың, ата-аналар мен тәрбиешілердің өзара бірлескен жұмысының болуы. Ата-аналарға, балаларға мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұлттық қолөнер түрлерімен және күз айының молшылығын, әр түрлі тағам түрлерімен таныстыру. Осы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсету.
Көрнекіліктер: Жәрмеңкеге сай балабақша және әр топ өз үстелдерін безендіреді.
«Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы аясындағы «Күз сыйы» жәрмеңкесіне қош келдіңіздер.
Армысыздар ағайын, дос- бауырлас,
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас
Бүгінгі қызықты жәрмеңкені бастайық
Тамаша көңілменен қол соғайық
Біздерде ойын-сауық басталады,
Сауда саттық жасалып, жар салады.
Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар «Күз береке» атты жәрмеңкеге қош келдіңіздер!
Балабақша
Барлық материалдар
Мектепке дейінгі балалар
«Күз кереметі» атты ертеңгілік сценарийі
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер ажырата алуға үйрету. Ұжымшылдыққа, алғырлыққа және бір-бірлерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жапырақтар, бұлттар, жаңбыр тамшылары, көкөністер мен жемістер салынған себет және балалардың бастарына киетін жемістер мен көкөністер, дақылдар.
.
Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Медбрат-Бала
Барысы:
Тилейхан Катила: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар! «Балапан» тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
/күз ханшайымы музыкамен келеді/
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!
Ырысқа толы қоймалар,
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
• Сендер мені шақырдыңдар ма?
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аудартып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ән, өлең арқылы, балаларды өнерге талпындыру. Ертеңгілікте достық сезімдерін ояту.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу,қиял,ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа,жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Өту орны: Музыка залы.
Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, Қоян
Музыка залы мерекеге сай безендірілген. «Кішкентай шыршамыз» әнімен балалар залға кіреді де, шыршаны айнала дөңгеленіп отырады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар.Сіздерді бүгінгі келіп жеткен, Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлеңде әзір, ән әзір,
Кел Жаңа Жыл біздерге.
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ал, балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік!
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
Мақсаты:
Білімділік: Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесімен, ұлттық тағам түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ата-бабамыздан келе жатқан бесікке салу салт-дәстүрі, асық туралы түсінік қалыптастыру және халық ауыз әдебиетінің кейіпкері Тазша бала туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Туған жерді, салт-дәстүрді және үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Мерзімі: 14.03.2023жыл
Уақыты: 9:35-9:55
Өтетін орыны: 22-наурызға сай безендірілген музыка залы
Қатысушылар: Балабақша меңгерушісі, әдіскер, музыка жетекшісі, жүргізуші, Ата-Әже, келін балалар және қатысушылар.
Кейіпкерлер: Ата-әже, Қыдыр ата – Сайлау Тілеужан, Келін- Аяулым Ануарханқызы, Тазша бала- Мухатова Жансая Серікқызы.
Көрнекіліктер: Бесік, қуыршақ, домбыра, түбек, конфет, дорба, асық.
«Наурыз» әні әуенімен балалар залға келеді, төрде ата мен әже күтіп алады.
Балалар жайғасып, орындыққа екі жаққа бөлініп отырады.
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
Тақырыбы: «Татулық бірлікте»
Мақсаты:
Білімділік: 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екендігін айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Балаларға бірлік, ынтымақ, достық туралы айта отырып, ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ұлттық костюмдер, қима көгершіндер, шарлар, интеракті тақта, даналық сөздер. «Ырыс алды-ынтымақ», «Ынтымақ-достықтың бірлігі», «Ер бірлігі-ел теңдігі».
Жүргізуші 1:
1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені-Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Балабақша
Тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі балалар
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімнің бастауы - балабақшада»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында және Қазақстан Республикасы жайында, рәміздері, елбасы Қасымжомарт Тоқаев жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрай білуге, тақпақтардың мағынасын түсініп айта алуға және ойын ойнау барысында оқу құралдарын ажырата алу, атауларын дұрыс атай алуға үйрету.
Тәрбиелік: Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына, достарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Балабақша
Тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі балалар
«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақша - бөбекжайы «Балапан» тобы тәрбиешілерінің
2022 - 2023 оқу жылына жылдық есебі:
2022-2023 оқу жылында балабақшаның 3 пен 4 жас аралығындағы «Балапан» орта тобын қабылдадық. 2022 - 2023 оқу жылында «Балапан» орта тобына барлығы 35 бала қабылданды. Басқа ұлт өкілдері болған жоқ. Оның 17 қыз бала және 18 ұл балалар.
3 бала – басқа балабақшаға ал, 2 бала – денсаулығына байланысты шығып кетті. Жыл соңында 35 бала оқу - тәрбие іс - әрекетін аяқтады. Ақпан, наурыз айларында жаңадан балалар қабылданды.
«Балапан» тобының жұмысының мақсаты:
Ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, өмірлік оң көзқарастарға тәрбиелеу.
Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру,
«Балапан» тобының жұмысының міндеттері:
Ойын элементтері арқылы жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі қарай байытып отыру.
Жаңа техналогияларды қолдану.
Балабақша
Басқа
Мектепке дейінгі балалар
Ата-аналар жиналысына арналған презентация
Балабақша
Ата-аналармен жұмыс
Мектепке дейінгі балалар
ЖШС «Успех GOLD-8» «Асыл бесік» балабақша – бөбекжайы
«Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының
№3 хаттамасы
Күні «28» 05 2024ж
Өткізу орыны: онлайн,ватцап желісі арқылы
Өткізу түрі: қашықтықтан, сұрақ – жауап.
Жауаптылар: Тилейхан Катила, Даңғыл Зирагүл
Қатысқандар: 24
Күн тәртібінде:
1. Тәрбиешілерге алғы сөз
2. 2023-2024 оқу жылында жыл бойы жүргізілген оқу тәрбие жұмыстары бойынша қорытынды есеп.
3. Кеңес беру. Тақырыбы: «Жаз мезгілінде жұқпалы аурулардың алдын алу» баяндама.
Жауапты: балабақша медбикесі Кенжетай Абдурасуловна
4. Әр түрлі мәселелер (келесі жылғы топ атауы және комплектация бойынша, жаз уақытындағы киімдері жайлы
Балабақша
Ата-аналармен жұмыс
Мектепке дейінгі балалар
ЖШС «Успех GOLD-8» «Асыл бесік» балабақша – бөбекжайы
«Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы
Күні «24» 01 2024ж
Өткізу орыны: онлайн,ватцап желісі арқылы
Өткізу түрі: қашықтықтан, сұрақ – жауап.
Жауаптылар: Тилейхан Катила, Даңғыл Зирагүл
Қатысқандар: 24
Күн тәртібінде:
1. 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысымен таныстыру. ІІ жартыжылдықтың жоспары туралы, балалардың деңгейі туралы ақпарат беру. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу»
Жауапты: Топ тәрбиешілері
2. Ата-аналарға кеңес беру: «Балабақшадағы балаларды тазалық сақтауға үйрету және санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды орындау».
Жауапты: балабақша медбикесі Окасова Кенжетай Абдрасуловна.
3. Ағымдағы мәселелер. Әр түрлі сұрақтар
Жауапты: Топ тәрбиешілері
Тыңдалды:
1. Тәрбиеші Тилейхан Катила ата –аналармен тренинг өткізіп, 2022-2023 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстырып, балабақшаның күн тәртібі, «Үлгілі оқу» бағдарламасымен таныстыр
Балабақша
Ата-аналармен жұмыс
Мектепке дейінгі балалар
«4-5 жастағы балалардың даму ерекшелігі»
Күні: 19.09.23 ж.
Уақыты: 17:25
«Құлыншақ» ересек тобындағы ата - ана жиналысының №1 Хаттамасы
Қатысқан ата - аналар саны: 14
Қатыспағандар: 20
Күн тәртібінде:
1. Тренинг «Менің балам»
2. 2023- 2024 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстыру. Балабақшаның күн тәртібі. «Үлгілік оқу» бағдарламасы бойынша нені білу керек және үйірме жоспарымен таныстыру (балабақшаның күн тәртібі, сабақ кестесі, (презентация)
Тәрбиеші: Тилейхан Катила
3. Медбикенің балабақша ішіндегі жұмыс жоспары. Балабақшаның «Ас мәзірі». Балабақшаға қабылдануы (Фильтрация). Баланың жеке паспорты. Тұз бөлмесіне ақпарат. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Карантин шаралары. (15 мин)
Балабақша медбикесі Окасова К.А.
4. Сергіту жаттығуы «Қимылды қайтала»
Тәрбиеші: Даңғыл Зирагүл.
5. «4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты баяндама (презентация).
Балабақша психологі: Ақатаева Е.Қ.
Балабақша
Ата-аналармен жұмыс
Мектепке дейінгі балалар
Бекітемін:
«Успех- GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік» балабақшасының
меңгерушісі
_________А. Мамырбаева
«___» _____2021 жыл
«Успех- GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақшасы
«Ботақан» тобының тәрбиешісі
Тилейхан Катиланың
жылдық жоспары
2021-2022 оқу жылы
Атқаралытын жұмыс Мерзімі
1 Өз білімін жетілдіру
1. Қазақстан Республикасының Заңдары
1.1 Қазақстан республикасының Ата заңы
1.2 Білім туралы заң
1.3 Бала құқығы туралы конвенция
2. Мемлекеттік стандарт Жыл көлемі
2 ТЭЖ тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын диалогтік оқыту арқылы дамыту» бойынша
Жұмыс Жыл көлемі
3 Ата-аналармен жұмыс «Балалардың балабақшаға бейімделуі» кеңес Жыл көлемінде
Балабақша
Барлық материалдар
Мектепке дейінгі балалар
Бекітемін:
«Успех- GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік» балабақшасының
меңгерушісі
_________А. Мамырбаева
«___» _____2023 жыл
«Успех- GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақшасы
«Құлыншақ» ересек тобының жылдық жоспары
2023-2024 оқу жылы
№ Атқарылатын жұмыс Мерзімі
1 Өз білімін жетілдіру
1.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңа нормативтік құжаттармен танысу.
1. Қазақстан Республикасының Заңдары
1.1 «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1.2 Қазақстан Республикасының Ата заңы
1.3 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007ж.
1.4 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы 1989ж 22 қыркүйек
1.5 «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары» туралы конвенция 2002ж
2. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
3. Әдістемелік-нұсқау хат. Жаңа 2023-2024 оқу жылына арналған
4. Оқу – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелері. 2007ж
5. Білім және
Балабақша
Басқа
Мектепке дейінгі балалар
«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәуету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету. Әлеуметтік,шығармашылық,танымдық,коммуникативтілік дағдылармен физикалық қасиеттерді дамыту
Біздің еліміз қалай аталады?
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 31 жыл толып жатыр. Осы 31жыл ішінде біздің еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, ата жұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.
Отан-сеніңата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Солаймабалалар? Көркем әдебиет
Алима:
Жерін самал,
Балабақша
Тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі балалар
Жол жүру ережесі
Қоян мен көжек
Мақсаты: - мектепке дейінгі балалардың жол жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру,
- көшеде және қоғамдық орындарда мәдени дағдыларға тәрбиелеу;
- мейірімділіктің, зейіннің, өзара көмектің және адамгершілік қасиеттердің дамуына ықпал ету;
- ертегілерді сахналауға және әр түрлі іс-әрекеттерге қызығушылықты дамыту.
Кейіпкерлер:
Автор – Жалғас Күншуақ
Қоян – Алихан Құлыншақ
Көжек – Айсана А. Күншуақ
Түлкі – Адина Қ. Құлыншақ
Аю – Ерасыл Құлыншақ
Жол нұсқаушы, бақа – Алихан Күншуақ
Бағдаршам – Сұлтан Құлыншақ
Қажетті құралдар: бағдаршам, жол белгілері, жол және жиек жол, ысқырғыш, балабақшаның макеті және жол нұсқаушының таяғы.
Жауапты: «Балауса» тобы
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Күні: 25.04. 2024ж
Өтетін орын: Музыка залы
Тақырыбы: «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»
Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Мерекелік көңіл- күй сыйлау. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт- дәстүрін сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаңырақты көтеріп қазақ шығады. Өзге ұлттар би қимылдарынмен билеп шаңырақты қоршап
«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» (көріністі көрсету)
Қазақ: 1-мамыр- бұл баршамыздың ынтымағымыз бен өзара түсіністігімізді, достығымыз бен бауырластығымызды жарқыратып көрсетер кемел күн!
Балабақша
Ойындар, Сценарийлер
Мектепке дейінгі балалар
22-Наурызға арналған тақпақтар
Алтай Нұржігіт:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Әділмұратова Алима: Сұлтанмен
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Адеш Али:
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойын бастайық!
Балабақша
Өлең, ертегі, әңгімелер
Мектепке дейінгі балалар
«Бақытты балалық шақ»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! Жаз маусымы және өткен балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Бүгін біздің «Асыл бесік» балабақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өткелі отыр. Олай болса мерекемізді кішкентайй сәбилеріміздің биімен бастасақ. Алдарыңызда «Қошақан» тобы сәбилерінің орындауында
Балабақша
Барлық материалдар
Мектепке дейінгі балалар
1
2